1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖамбыл облысында 683,6 мың гектар жайылым жер тапшы. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы облыста жайылым жер мәселесі 2021 жылдан бері қолға алынып, 5 бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
Облыста жалпы, 683,6 мың гектар жетіспейтін жайылым жерлер анықталған болатын. Мәселен, босалқы жер қорындағы және қайтарылған жайылымды елді мекендерге бекіту арқылы 363 мың гектардан 741 мың гектарға ұлғайттық, – деді аймақ басшысы.
Әкімнің сөзінше елді мекеннен 5 шақырымдық радиуста орналасқан 49,2 мың гектар жайылым жер елді мекендерге бекітілген.
Орман қорының 1 миллион 80 мың гектар жеріне мал басы көп тұрғындардың 245 мың мал басы шығарылды. Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға 510 мың гектарға меморандум жасалып, игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, – дейді.
Нәтижесінде, жетіспейтін жайылым жерлердің көлемі 683,6 мың гектардан 164 мың гектарға қысқарғаны белгілі болды.
Биыл жоспарға сәйкес 200 мың гектар игерілмеген, заңсыз берілген жайылым жерлерді қайтару және 69,3 мың гектарды елді мекендерге жайылым жер ретінде қосу міндеті тұр, – деп тілге тиек етті облыс әкімі Нұржігітов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?