Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жамбыл облысында 13 адамды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының бірнеше тұрғынынан әртүрлі уақытта бір мазмұндағы арыз түсті. Онда олар өзін Ләззат деп таныстырған әйелдің пәтер алып беремін деп сенімдеріне кіріп, қаржыларын иемденіп кеткені туралы көрсеткен.
Аталған әйел 13 адамның жалпы көлемі 8 миллион теңгеден астам ақшасын алып, хабарсыз кеткен. Ол өзінің әкімдікте жұмыс жасайтынын айтқан және аудан орталығынан арзан бағаға кезексіз пәтер алып беремін деп алдаған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 54 жастағы М. есімді ешқайда жұмыс жасамайтын Жаңатас қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Сонымен қатар ол өз атын Ләззат деп өтірік айтқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік