11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖамбыл облысы Жуалы ауданының Қарабастау, Тасбастау және Ынтымақ ауылдарында жаңа денсаулық сақтау нысандары халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарабастау ауылында 25 адамға арналған дәрігерлік амбулатория ашылса, Тасбастау және Ынтымақ ауылдарында 15 адамға арналған фельдшерлік-акушерлік пункттер іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышымен бөлісті.
Жаңа медициналық нысандарда дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, егу және таңу бөлмелері, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс орындары толықтай жабдықталған.
Бұл нысандардың құрылысы Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасы аясында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылды. Жуалы ауданының Қарабастау, Тасбастау, Талапты, Ынтымақ және Шынбұлақ ауылдарында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, ауданның 2024 жылғы жоспары толығымен орындалды.
Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 24 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған болатын. Оның ішінде 14 нысанның құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес