Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖамбыл облысында электроника дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды. Екінші ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция бөліміне Қордай ауылының 30 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз адамдардың электроника дүкенінің есігін бұзып, телефондар мен смарт сағаттарды ұрлап кеткені туралы шағымданды. Келтірілген шығынның көлемі 4,8 млн теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы облысының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын да сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ екінші күдіктіні анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек