23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, 10 қыркүйекте №2 Тараз қалалық сотының үкімімен «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды.
Олар пара алғаны үшін айыпталған.
Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды, - делінген мәліметте.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік