23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысында анасын өлтірген ер адамға сот үкім кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық сотында апелляциялық тәртіпте адам өлтіру бойынша айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
2024 жылы қыркүйекте мас күйде болған сотталушы жанжал салдарынан ас үй пышағымен анасының кеуде тұсына қасақана мақсатты соққы жасағаны анықталған, әйел оқиға орнында көз жұмды.
Бірінші сатыдағы сот кінәні ішінара мойындауы мен жасаған ісіне өкінуін және соттылығы болмауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде танып, оған 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ер адам жазамен келіспей, бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды сұрады.
Апелляциялық сатыдағы сотта Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, 1-ші сатыдағы соттың қорытындыларын заңды және негізді деп, ал К.-нің кінәсі дәлелденген деп таныды.
Қаулы заңды күшіне енді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады