Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖамбыл облысы Сарысу ауданында қатты жауын-шашыннан көлбеу ағындар пайда болды. Жаңатас қаласының 13 көшесінде барлығы 47 үй, 1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға кеше 7 шілдеде сағат 17: 20-да шамасында болған. Ауа райы қолайсыздығынан аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент автожолы жабылды.
Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру, сондай-ақ халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаментінен 231 адам, 53 техника жұмылдырылған 24 мотопомпа мен дрон пайдаланылуда. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді.
Құрбандар мен зардап шеккендер, сонымен қатар мал шығыны жоқ.
Халықты қабылдау үшін М. Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайын.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс