2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТараз қаласында экологиялық акция шеңберінде «Қаржыгерлер» аллеясы қоқыстардан тазартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.
«Тазалық – саулық негізі» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Қала тазалығын сақтау – барлық тұрғынның міндеті. Қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікпен қарау – экологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтылығына тікелей әсерін тигізеді, - деді сенбілікке қатысушы қала тұрғыны Марат Спатаев.
Акция аясында аталған бағыттағы тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілді. Атап айтқанда, шара саябақтар мен скверлерде, демалушылар көп жиналатын орындарда жалғасты.
Жамбыл ауданында жастармен алдын алу профилактикалық шарасы өткізілсе, Жуалы ауданында «Таза Қазақстан – таза әлем» экологиялық жастар акциясы ұйымдастырылды.
Мойынқұм ауданында Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен, Талас ауданында Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді. Ал Т. Рысқұлов ауданында «Ардагерлер саябағын» тазалау жұмыстары жүргізілсе, Шу ауданында Шу қаласының көшелері қажетсіз жарнама құралдарынан тазартылды.
Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым канал мен арық жүйесі, 133,2 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 1078 бірлік техника тартылған.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова