23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысы Сарықоба орманшылығының аумағындағы 1800 га жерді шарпыған табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ТЖ департаментінің бастығы А.Тоқанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Н. Егембердиев оқиға орнында жұмыс істеді.
Техникамен өрт ошағының периметрін жырту жалғасуда, шанц аспаптары мен рюкзак бүріккіштерін пайдалана отырып жергілікті ошақтар мен түтін көздерін сөндіру жүргізіледі. Өрт сөндіру жұмыстары толық жойылғанға дейін жалғасады, - делінген хабарламада.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК патрульдік тікұшағымен барлау жұмыстары атқарылды.
Өртті ауыздықтауға 167 адам, 39 бірлік техника, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, ТЖД-нен 84 адам және 9 техника тартылды.
Алматы, Шымкент қалаларының ТЖМ топтары мен Қазавиақұтқарудың 2 әуе борты дайындыққа келтірілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады