Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысында 40 келіден астам есірткіні қысқа дайындап қойған шопан ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана тәркіледі. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Меркі ауданында малшы болып жұмыс жасаған. Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған.
Іздеу барысында күдіктінің күртешесінің қалтасынан марихуана орамасы табылды. Тәркіленген заттың көп бөлігі жақын маңдағы мал фермасында сақталған. Әрі қарай, шаруа қожалығының аумағындағы сарайдан 3 полиэтилен пакет жасырылған орын табылды.
Онда жабайы қарасораның сабақтары болған. Сонымен қатар есірткі шегуге арналған пластикалық бөтелке табылды. Күдікті марихуананы қыста өзі тұтыну үшін дайындағанын мойындады.
Полицейлер барлығы 40 келі 240 гр кептірілген марихуананы тәркіледі. Ұсталған адам ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қамауға алынды, – дейді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?