Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКөлік министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ауыр салмақты жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын «М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеу кезінде шамадан тыс жүк тиеген жағдайды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өлшеу нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда көлікке тиелген артық жүк мөлшері 85 тоннаны көрсетті. Осылайша, ел бюджетіне түсетін қосымша қаражат 26 млн 850 мың теңгені құрады
«ҰССО» АҚ геодезисті мен мамандары өлшеу рәсімінде қолданылған таразы жабдығы мен алаңға қойылатын талаптардың сәйкестігін растады. Ауыр жүкті өлшеу тасымалдаушы «М нефтьСервис» ЖШС директорының және Бас көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.
Арнайы рұқсаттағы салмақ параметрлері 85 тоннаға асқаны, жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін бұзуы, лауазымды адамдарға жұмыс барысында кедергі жасау, халықаралық тасымалдауға рұқсат картасының болмауы секілді жағдайлар бойынша көліктік бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама толтырылды, - деп жазылған Көлік министрлігінің мәліметінде.
Бұған дейін бұл тасымалдаушы өлшеу рәсімінен бас тартып, БАҚ арқылы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратқан.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес