22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыДепутат Мақсат Толықбай Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке депутаттық сауал жолдап, Жамбыл облысындағы бассыздық туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мына бір бассыздықты айтайын. Бір фазенда үшін бастауын Қырғызстаннан алатын Шу өзенін өзінің қорасына бұрып алу деген не сұмдық? Тұрғындардың айтуынша, тас пен топырақтан бөгет салып, өзеннің ағысын тоқтатып тастаған мойынқұмдық бизнесменге сот жоқ. 12 мың ірі қарасы бар дейді. Дронмен түсірілген фото-видеоларына дейін қолыма ұстатты. Өзен бірнеше жерден заңсыз бөгелген, - дейді депутат.
Айтуынша, Жамбыл облысына барған сапарында бұл ақпараттың рас-өтірігін премьер-министрдің өзі сұраған. Алайда, жергілікті шенеуніктер мен салалық министірлік бұл «жалған ақпарат» деп Бектеновті кері қайтарған.
Су ресурстары министрінен тез арада су реттегіш құралдары мен заңсыз салынған бөгеттерді бұзуға ықтал етуін талап етемін. Сондай-ақ, гидротехникалық құрылыс-жайлардың іс жүзіндегі есебі жүргізілсін. Бұған қоса өзеннің арнасын бұрып алып, айналасын топырақ, таспен қоршаған фазенда жайында баяндалған видео-фотоға министрлік тарапынан түсініктеме берілсін. Мониторинг пен бақылауды күшейтіп, өзенге механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді сұраймын, - деді Мәжіліс депутаты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев