Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚордай ауданында аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, ПД бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков ашылу салтанатына қатысып, бөліністің техникалық жабдықталуымен танысты. Олар жаңа нысан полицияның жұмысын жақсартуға оң әсер ететініне сенім білдірді.
Ғимаратта азаматтарды қабылдау үшін қажетті барлық заманауи жабдықтар қарастырылған, қызметкерлерге тиімді қызмет ету үшін жағдайлар жасалған.
Қордай ауданы – Қырғыз Республикасымен шекаралас облысымыздың ең тығыз қоныстанған ауданы (155 мыңнан астам тұрғыны бар). 157 полиция қызметкері тыныштықты күзетіп, қордайлықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Полицейлер үшін жаңа ғимаратта 150 адамға арналған үш қабатты әкімшілік ғимарат салынды. Қызметтік кабинеттер бейнебақылау камераларымен, интернет, компьютерлік техникамен жабдықталған, бір мезгілде бірнеше адамға қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Демалыс бөлмелері, ас үй, асхана, кітапхана қарастырылған.
Полицейлердің спорттық дайындығына көп көңіл бөлінеді. Спорт кешенінен басқа, атыс алаңы мен қару-жарақ бөлмесі де бар. Салтанатты ашылу кезінде полиция бөліміне 78 жастағы жергілікті тұрғын келіп шашу шашып қазақтың ұлттық дәстүрін жасай отырып, батасын берді, жаңа жылда бейбіт аспан мен көркейе беруді тіледі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?