23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысында екі жасөспірім мектеп оқушысын өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған екі жасөспірім мектеп оқушысын өлтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сот үкіміне сәйкес, басты айыпталушы Б.-ға қылмыстық әрекеттердің бастамашысы ретінде 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал екінші айыпталушы С. 9 жылға сотталды.
Тергеу материалдарына сүйенсек, оқиға 2024 жылдың мамыр айында Меркі ауданында болған. Жасөспірімдер арасында туындаған жанжал барысында олардың бірі екіншісінің нұсқауымен жәбірленушінің басынан металл кастетпен соққы жасап, қашып кеткен. Ауыр жарақат алған оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Сотталғандар кінәсін ішінара мойындады. Сонымен қатар, сот олардың заңды өкілдерін жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады