23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыс аудандарындағы мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“Мәдениет - асыл қазынам” тақырыбындағы іс-шараны алғашқы болып Байзақ ауданында өткізді. Мәдениет күндерінің аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, кәсіпкерлер тауарларының сатылымы, қолөнер, қылқалам шеберлері туындыларының көрмесі, әртүрлі этнос өкілдерінің көрмесі, ұлттық спорттық ойындар байзақтықтардың назарына ұсынылып отыр.
Айта кетейік, биылғы жылы мәдениет күндері аясында сараптау комиссиясы әр ауданның мәдениет саласы бойынша жетістігін бағалап, соңында қорытындысын шығармақ. Негізгі мәдени іс-шараға баға беретін қазылар алқасы құрамында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, кітапхана, музей өкілдері мен музыка, би мамандары қамтылған.
Нәтижесінде үздік деп танылған өнерпаздардың қатысуымен жыл соңында Тараз қаласында Гала-концерт ұйымдастырылып, бас жүлде иеленген ауданға автокөлік және жүлдегер аудандарға түрлі бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады