10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәле Facebook желісінде хабарлады.
Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды, - деп хабарлады Берік Уәли.
Айта кетейік, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері комаға түскен сарбаздың жағдайы туралы пікір білдірген еді.
2005 жылғы науқас Нұржігіт Асанұлына полисегментарлық пневмония (вирусты этиология болуы да ықтимал) диагнозы қойылған. Науқас кеуде тұсынан соққы алғанын айтқан. Демалуы қиын, өкпесі зақымданған. 3-4 сатыдағы инфекциялық уытты шок. Сепсис. Мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 сатыдағы ми комасы. Қанның таратылған тамырішілік ұюы. 9 маусымнан бері (4 тәулік) клиникалық өлім жағдайында. Көптеген органның жеткіліксіздігіне байланысты науқастың жағдайы аса ауыр халде сақталады. Бүйректі алмастыру терапиясы жалғасып жатыр, - деп жазылған Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген хабарламасында.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді