23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараз қаласы полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны танысын алдап, сенімін теріс пайдалану арқылы 8 Toyota Camry автокөлігін иемденіп алғаны туралы арызбен жүгінді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында осы қылмысқа Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталды. Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Toyota Camry 5 көлік табылып, тәркіленді.
Қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады