12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров үндістандық Monnet Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар облыста салынуы жоспарланған ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасын талқылады. Зауыт жоғары сапалы ферросилиций, ферромарганец (FeSi75) өндірісін жолға қоймақ. Ол бойынша 450 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Зауыттың қуаттылығы – 35 мың тонна өнімді құрайды.
– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан инвестициялық ахуалды үнемі жақсартуға барынша көңіл бөліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілуде,-деді Нұржан Календеров.
Monnet Group компаниясының директоры Рунгта Маниш жобаның өңірдің экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкімдігі мен үндістандық компания өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер