Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысының Байзақ ауылында дефибрилляторды қолдануға қатысты пікірталас фельдшердің кеудесіне травматикалық тапаншамен оқ атумен аяқталды, деп жазады El.kz интернер порталы.
Оқиға ауыл тұрғындары – 25 жастағы А.Т. мен 24 жастағы Д.М. арасында басталған. Олар «Дефибрилляторды сау адамға қолданса не болады?» деген тақырыпта қызу пікірталасқа түскен.
Шешімін табу үшін олар таныс фельдшер, жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін Ж.Б.-ға жүгінген.
Медициналық қызметкер сау адамның жүрек ырғағы қалыпты болса, оған дефибриллятор қолдану өлімге әкелуі мүмкін екенін түсіндірген. Алайда Д.М. бұл пікірге сенбей, тәжірибе жасауды талап еткен.
Келіспеушілік бірден жанжалға ұласқан. Сол сәтте Д.М. жанындағы травматикалық қарумен фельдшердің кеудесіне оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жарақат алған Ж.Б. сол жақ қабырға астынан жараланып, Байзақ аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.
Ал шабуыл жасаған күдікті Д.М. іздеуде.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?