2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЖамбыл облысының Шу мен Т.Рысқұлов аудандарында «Қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының этномәдени құзыреттілік және құқықтық сауаттылығын көтеру бойынша жұмыстар жүргізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік коучинг өтті.
Коучинг барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат: қазіргі міндеттер және жүзеге асыру тетіктері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанның қазіргі дамуы кезеңінде әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануын түсіндіру міндеттері, сонымен қатар ұлттық код және қоғамдық сананың негізгі ұғымдарына талдау жасап өтті.
Жиында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов Қазақстан Республикасында азаматтық бірегейліктің құқықтық негіздеріне тоқталды. Жастар ұйымдарының қызметі жөнінде тәжірибе және пікір алмасу өтті, мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары талқыланды.
Коучинг соңы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Гульгина Гизатуллинаның тренингімен аяқталды. Іс-шарада облыс аймақтарындағы этноконфессионалды жағдайды талқылау, тіларалық түсіністік пен тұрақтылықты арттыру сияқты мәселелер көтерілді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова