12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖамбыл облысында есірткі жинап жүрген жерінен Алматы облысының үш тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 20 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу – Меркі тасжолынан 25 шақырым қашықтықтағы құмды аймақтан марихуана есірткісін жинап жүрген Алматы облысының үш тұрғынын ұстаған.
Күдіктілерді тінту және олар мінген Volkswagen автокөлігін тексеру барысында 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, онда жалпы салмағы 3 келі 900 грамм кептірілген марихуана есірткі заты болған.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
– Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады. Жамбыл облысында 2022 жылдың 11 айында 594 есірткі құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде – 219 қылмыс, 375 теріс қылық дерегі. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 2 тонна 752 келі есірткі заты тәркіленді»,-делінген хабарламада.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер