Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шу ауданында балық аулау кезінде екі балықшы мұз астына түсіп кетті. Оқиға 3 ақпанда күндіз Шу қаласынан 40 км жердегі Тасөткел су қоймасында болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Балықшылар жағалаудан 50 метр жерде отырған кезде мұз жарылып, адамдар судың түбіне кетті. Құтқарушылар бір адамның өлі денесін тез арада алып шықты, ал екіншісін іздеуге тура келді.
Бүгін таңертеңгі сағат 10-да құтқарушылар суға батып кеткен екінші адамның өлі денесін тауып алып, судан алып шықты. Мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан осындай қайғылы оқиғалар болады.
Қазақстанның ТЖМ азаматтарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.
Демалуға немесе балық аулауға шыққанда қарапайым қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар. Құтқару кеудешелерін пайдаланып, өзіңізді қорғау қажет. Қарлы жерлер мен мұзға қараңғы уақытта бармаңыз, өйткені мұздың қалыңдығы белгісіз және бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік