Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Дала сұңқары-2024» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына Қазақстан Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау қорықшысы полкінің әскери қызметшілері мен Қырғызстан армиясы әскери бөлімшесінің әріптестері қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімінде әскери қызметшілерді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штаб бастығы, оқу-жаттығу жетекшісі полковник Нұрлан Кәрібаев құттықтады. Ол жаттығуға қатысушыларға оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында сәттілік тіледі.
Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің атынан оқу-жаттығуды ұйымдастырғаны және жылы қабылдағаны үшін Қазақстанның әскери басшылығына жасақ командирі капитан Нұртай Талайбек уулу алғысын білдірді.
Бірлескен оқу-жаттығудың барлық кезеңдері мен элементтері «Теріс Ащыбұлақ» полигонында және Қаратау тауларының шатқалында өткізілетін болады. Аралас контингенттің басты мақсаты: жаттығу жоспары бойынша аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын шартты жауды тауып, залалсыздандыру. Жаттығу 28 маусымға дейін жалғасады.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік