7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жамбыл облысында былтыр 9 мыңнан астам жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарын алдын алу мақсатында кешенді іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ішкі істер органдарына әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 9750 жасөспірім жеткізілді. Сонымен қатар есепке 564 жасөспірім мен 262 қолайсыз отбасы алынды.
Қайталанған құқық бұзушылықтар жасаған 23 жасөспірім девиантты мінез-құлыққа ие балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке орналастырылды. Ал 70 ата-ана немесе олардың заңды өкілдері ата-ана құқығынан айырылды. Есепті кезеңде жастар мен жасөспірімдер жиі жиналатын орындарға бағытталған 4 мыңнан астам рейд жүргізілді. Бұл рейдтердің нәтижесінде 14 517 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін полицияға жеткізілді.
Сонымен қатар 9600 ата-ана мен ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев атап өткеніндей, бұл шаралар кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын азайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?