28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖамбыл облысында қар құрсауынан 68 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
10-11 ақпанда қатты боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Жамбыл өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше автожол учаскесі жабылған болатын. Халыққа sms-ескертулер мен әлеуметтік желілер арқылы ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескерту жарияланды.
«Алайда, жол қызметкерлері мен құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, адамдар әлі де алыс жолға шығып, өздеріне және басқа адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Мәселен, 11 ақпанда сағат 01.00-ден 06.30-ға дейінгі кезеңде Күйік - Қарабастау-Қаратау және Қаратау - Жаңатас автожолдарының екі учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған 12 жеңіл автокөліктен 68 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Олар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады», - делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстан құтқарушылары қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Қауіпсіздік ережелері туралы мәліметті «DARMEN» мобильдік қосымшасынан білуге болады. Қандай да бір оқыс жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне хабарласуға болады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?