23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы биыл жөнделетін жол көлемі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма басшысы Мұрат Саурықовтың сөзінше, 2024 жылы 16,5 шақырым жол салынып, 1 көпірдің құрылысы жүргізілген. 3 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 690,4 шақырым жол орта жөндеумен қамтылған көрінеді.
Жол - экономиканың күретамыры. Биыл өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 146 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 17,7 шақырым жаңа жол салынады, 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады, 391,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді. Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 3,4 млрд. теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады, - деп жазылған әкімдік таратқан мәліметте.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5 пайызға (2024 ж. - 99%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға (2024 ж. - 87%) жеткізу межеленіп отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады