Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Тұрымқұл ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салатанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Жалпы биыл ауданда 7 ауылдық елді мекенге ауыз су желісін тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 5 елді мекенге ауыз су кезең-кезеңімен беріледі. Қалған екі жоба келесі жылға өтпелі, – деді аудан әкімі.
Тұрымқұл ауылында 230-ға жуық халық тұрады.
Мерекеге орай таза ауыз суға қол жеткізіп, мерейіміз тасып отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, әбігерге түсетінбіз. Таза ауыз су – ұлт саулығының кепілі! Барша ауылдастарымды ортақ қуанышпен құттықтаймын! – деген ауыл қариясы Тұрсан Бастаубаев көпшілікке ақ батасын берді.
Айта кетейік, биыл Жамбыл облысындағы 37 ауылдық елді мекенге (АЕМ) тіршілік нәрі тартылады. Оның ішінде 22 АЕМ-ге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, 15 АЕМ-ге кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) жетеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары