23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жамбыл облысы Жуалы ауданында М. Әуезов атындағы №12 орта мектеп қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. 150 орындық мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мен қосымша оқу кабинеттері, асхана мен спортзал құрылысы «Бином» ЖШС тарапынан мерзімінен бұрын аяқталды. Мектеп заманауи оқу құралдарымен жабдықталған физика, химия, биология кабинеттерімен қамтамасыз етілген.
Жуалы ауданында барлығы 73 білім беру мекемесі бар. Биыл Жамбыл облысында 14 білім нысаны қолданысқа берілді, оның 3-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Сонымен қатар, 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 14 жаңа автобус сатып алынды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік