7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Жамбыл облысында агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа жоба Қазақстанның инновациялық ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам және елдің агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етпек. «UNICROP» ЖШС өндірісі жылына 500-1000 агродрон құрастыруға есептелген.
Негізгі мақсаты фермерлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дәл егіншілікке арналған заманауи шешімдермен қамтамасыз етуді көздейді. Оған егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылау кіреді.
UNICROP компаниясының агродрондарын пайдалану су, тыңайтқыш және жанар-жағармай шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, механизация мен қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, топырақты таптау мен өсімдіктерді зақымдауды барынша азайтуға мүмкіндік береді, - деп жазылған АШ хабарламасында.
Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады. 2025 жылы компания 50-60 дрон сатуды, ал 2026 жылы кемінде 150 бірлікті іске асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда егістік алқаптарын өңдеу қызметтерінің ауқымы кеңейтіледі.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?