23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, баспанаға ие болғандардың қатарында көпбалалы аналар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетімдер бар.
Тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Жаңа баспанада 1 бөлмелі – 20, 2 бөлмелі – 20, 3 бөлмелі – 40 пәтер бар.
Т.Рысқұлов ауданында 2000-ға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 2 909 пәтерлі 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысына сәйкес 54 үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Сондай-ақ күзде 14 шағын ауданда 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады