7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жамбыл облысында полицейлер 500-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері шетелдіктер тұратын мекенжайларды, құрылыс нысандарын, базарларды және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдарды тексерді. Рейдтің төрт күнінде Жамбыл облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 505 дерегі анықталып, 395 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктерді рұқсат құжаттарын алмай жұмысқа тартумен байланысты бұзушылықтың 179 дерегі анықталды. Мысалы Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен Тамды ауылындағы зауытты тексеру кезінде заңсыз жұмыс істейтін көрші мемлекеттің 59 азаматы анықталды. Сондай-ақ Сарысу ауданындағы зауытта рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген тағы 5 шетелдік анықталды. Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілері жауапқа тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 28 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Сондай-ақ 94 шетелдікке заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасы аумағынан кетпегені үшін, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны үшін тағы 117 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар іздеуде жүрген 4 шетелдік қылмыскер ұсталды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 147 шетелдік азамат елден шығарылды. Көші-қон заңнамасының бұзылуының алдын алу және анықтау жұмыстары жалғасуда.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?