22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды
2022 жылдың 9 айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-техникалық инспекция қызметкерлері ұзындығы 13 мың шақырымнан асатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарға 1782 тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Тексеру барысында облыстың автожолдарда 11602 ақау анықталды. Жол сапасына жауапты ұйымдардың басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға 1782 нұсқама жіберілді.
Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев атап өткендей, автомобиль жолдарының жағдайына көңіл бөлмеген және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.
Бұдан басқа, Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарының полиция бөлімі, сондай-ақ Тараз қаласының полиция басқармасы берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 3-бөлімінің 462-бабына сәйкес, ауданның автожолдарын күтіп ұстауға жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.
Өткен кезең ішінде автомобиль жолдарымен қиылысатын барлық 73 теміржол өткелдері тексеруден өтті. Тексеру барысында олардың құрамындағы 205 ақау анықталды.
Өткелдерге қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына кемшіліктерді жою үшін 68 нұсқама берілді. Теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 20 лауазымды адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту, яғни бағдаршамдарды орнату, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, көлік айырбастарын, автотұрақтар мен кіреберістерді салу бойынша ұсыныстары бар ақпараттық хаттар жолданды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев