1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖамбыл полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында үш күн ішінде түрлі калибрлі 13 қару мен 345 патрон тауып, тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәркіленген қарулардың ішінде АК-47 автоматы, Макаров тапаншасы, ТОЗ екі тегіс ұңғылы мылтық, ИЖ, ТОЗ, Моссберг маркалы 7 бір тегіс ұңғылы мылтық, газ-травматикалық, газ және травматикалық тапаншалар, сондай-ақ ПМ-ге арналған үш оқжатар және 345 патрон бар. Полиция қызметкерлері Жамбыл облысы ҰҚКД жедел тобымен бірлесіп Тараз қаласының шетінде бетон плитаның астынан зауыттық нөмірлері механикалық өшірiлген АК-47 автоматы, 9 мм калибрлі патроны бар Байкал травматикалық тапаншасы, 7,62 мм калибрлі 20 патрон табылып, тәркіленді. Сонымен қатар 13 желтоқсанда Байзақ ауданындағы Талас өзені көпірінің астынан скотчпен оралған газет бумасы табылды. Оның ішінде екі оқжатар және бес патроны бар 9 мм калибрлі Макаров тапаншасы табылды. Сол күні Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының шетінде орналасқан шаруа қожалығында 38 жастағы малшыдан 12 мм калибрлі ИЖ-18 бір тегіс ұңғылы аңшылық мылтық табылып, тәркіленді. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?