1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖамбыл облысында 3 айда пайдаланылмай жатқан 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет меншігіне қайтарылған жайылымдар жергілікті тұрғындардың мал жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріледі, қалған жерлер конкурс арқылы тапсырылады.
2025 жылдың бірінші тоқсанында бес конкурс ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша айналымға 12 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері тартылды.
Елді мекендердің аумақтарына қосылған босалқы жерлердің жалпы қоры 378 мың гектарды құрады. Осылайша, елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мыңға дейін ұлғайды. 2025 жылы тағы 20 мың гектарға өсу жоспарлануда.
Елді мекендердің аумақтарына қосылған босалқы жерлердің жалпы қоры 378 мың гектарды құрады. Осылайша, елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мың гектарға дейін өсті. 2025 жылға қарай тағы 20 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.
Бүгінгі таңда 41 елді мекеннің 17-сінде жайылым тапшылығы мәселесі шешілген. 9 елді мекенде бұл мәселе ағымдағы жылдың соңына дейін шешіледі. Алайда, 15 елді мекенде халық тығыздығы мен қала шегіне жақын болғандықтан жайылым тапшылығы мәселесін толық шешу мүмкін емес. «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, облыстың барлық аудандарында жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарлары бес жылға қайта бекітіледі. Бүгінгі таңда Талас, Жамбыл, Меркі, Сарысу аудандары бойынша жоспарлар бекітілді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?