Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Р.Сабденов ауылында Ақбұлақ дәрігерлік-амбулаториясы ашылып, ауыл тұрғындарының қолданысына берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл - Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші медициналық нысан.
Ауылдықтарға медициналық қызмет көрсететін нысанда халыққа дәрігердің қабылдауы, ем-шара қабылдау, акушердің тарапынан пациент қабылдау, массаж, түрлі медициналық талдамалар жасау сынды көмек түрлері көрсетіледі.
Мұнда тіркелген тұрғындардың жалпы саны - 2237 адам. 14 қызметкер жұмыс жасайтын емдеу мекемесі алғашқы және амбулаторлы ем көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтармен қажетінше жабдықталған.
Атап айтқанда, жүрек соғысын тексеру құрылғысы, электрондық аквадистиллятор, волюметриялық инфузиялық сорғы, хирургиялық электрлік сорғы, ультрадыбыстық терапияға арналған бір арналы құрылғы, сенсорлық экраны бар қос арналы магнитотерапия аппараты, ингалятор, мультифункционалды физиотерапиялық аппарат, оптикалық кольпоскоп және т.б. бар.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады