2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аясында Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ әкімдікке сілтеме жасап.
Нұржан Нұржігітов жылы шырайда қарсы алған Ленинград облысының губернаторына ризашылығын жеткізіп, екі ел ғана емес, өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне сенім білдірді.
2021 жылы Жамбыл облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 263,2 миллион АҚШ долларын құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 40,3 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт 45,1 пайызға өсіп, 76,3 миллион АҚШ долларын, импорт 38,4 пайызға өсіп, 186,9 миллион АҚШ долларын құраған. Ресейге экспортталатын негізгі тауарлар – минералды және химиялық тыңайтқыштар, бейорганикалық химия өнімдері, ферроқорытпалар, көкөністер. Ал, көрші елден жеткізілетін негізгі тауарлар қатарына қара металл бұйымдары мен тоқыма материалдары жатады.
Елдер арасындағы тауар айналымы артады деп ойлаймын. Бұл үшін екі тарапта да мүмкіндіктер жеткілікті. Өңіраралық деңгейдегі ынтымақтастықты да нығайта түсу маңызды. Біздің облыста көкөніс, жеміс-жидек, ет өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Жамбыл облысы екіжақты ынтымақтастыққа негізделген бағдарламаларды жүзеге асыруға мүдделі, - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс