Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2024 жылдың 20 желтоқсан күні ҚР жамбы ату федерациясы жыл үздіктерін марапаттау рәсімін салтанатты түрде өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шарада 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Федерация президенті Еркебұлан Сайдуллаұлы жыл басында уәде еткендей Астана қаласынан пәтер, су жаңа автокөлік пен ақшалай сыйлықтар табыстады.
Атап айтар болсақ, Астана қаласынан пәтерге Батыр Бексауыт ие болса, су жаңа автокөліктің иесі Ералхан Айкөз атанды. Ал 5.000.000 теңге ақшалай сыйақы Айтбек Сарыбайға табысталды. Жамбы атудан ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Бадашев те сыйлықсыз қалмады. Оған Федерация президенті жаңа автокөліктің кілтін сыйға тартты.
2024 жыл жамбы ату үшін жемісті әрі маңызды жыл болды. Біздің спортшыларымыз тек ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де зор жетістіктерге қол жеткізіп, Қазақстанның туын биікке көтерді. Спортшыларымыздың 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңісіне лайықты бағасын алуы біз үшін үлкен мәртебе, — деді ҚР жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Ильясов.
Сонымен қатар, ұлттық спорт саласындағы ең басты жүлде «Алтын тұғыр-2024» ұлттық сыйлығына жамбы атудан ұлттық құрама сапындағы жас спортшылардың бірі Ақәділ Пернебай ие болды.
Әкем де жамбы атумен айналысатын. Сол әке жолын қуып мен де осы спортқа келдім. Биылғы жылды бір алтын, бір күміспен қорытындыладым. Бүгінгі алып отырған “Алтын тұғыр —2024” сыйлығы сол жеңісімнің жемісі деп ойлаймын. Бұндай сыйлықты алу әр спортшының арманы болар. Ұлттық спорт саласындағы басты жүлдені алатынымды естігенде сене алмап едім. Енді қуанып, толқып тұрмын, — деді спортшы Ақәділ Пернебай.
Айта кетейік, жамбы атудан ұлттық құрама 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде алып, командалық есепте бірінші орынға тұрақтаған еді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар