8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Қазақстанда темір шеберлеріне сұраныс жоғары болғанымен, бұл кәсіпті таңдауға ниетті жастар аз. Саланың мамандары кадр тапшылығы жылдан-жылға күшейіп келе жатқанын айтады. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Сайранбек Қажиақпаров осы кәсіппен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде оның қолынан шыққан жұмыстардың қатарында Жалпақтал ауылындағы Алтын домбыра, Алтын кітап және көпшілік талқысына түскен Эйфель мұнарасы да бар. Тіпті оның қызметіне қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де жүгінген. Темір шебері өз кәсібінің қыр-сырын, қиындықтары мен мүмкіндіктері жайлы бөлісті.
Ағасының өнері шабыт берді
Сайранбек Қажиақпаровтың өнерге жақындығы бала кезден басталған. Оның айтуынша, бұл жолға келуіне марқұм ағасы себеп болған.
Ағам Сынайбек суретті ерекше жақсы салатын. Соған қызығып мен де суретші болғым келді. Үшінші сыныптан бастап өнер мектебіне барып, сурет үйірмесіне қатыстым. Бірнеше жыл бойы сурет салып, дипломдық жұмысымды қорғадым, – дейді ол.
Мектептен кейін Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжінде білім алған. Оқуын аяқтаған соң туған ауылындағы өнер мектебінде ұстаз болып еңбек етеді.
Бес жылдай балаларға сабақ бердім. Кейін кәсіппен айналысуды жөн көріп, Оралға көшіп кеттім, – дейді шебер.
«2 миллион теңге табыс табуға болады»
Алғашында шағын шеберханада жұмыс істеген кәсіпкер бүгінде жеке өндіріс орнын қалыптастырған. Үлкен шеберханасын өткен жылы ашқан. Қазір онда үш тұрақты қызметкер жұмыс істейді.
Сайранбектің айтуынша, темір шеберлігі сырт көзге қызық көрінгенімен, оңай кәсіп емес.
Бүгінде бұл саладағы басты мәселенің бірі – кадр тапшылығы.
Жастар қызығады. Бірақ жұмысқа келген кезде көбісі шыдамайды. Өйткені бұл таза жұмыс емес, шаң-тозаңның арасында жүресің. Темірмен жұмыс істеу көп күш пен төзімді қажет етеді, – дейді ол.
Соған қарамастан шебер бұл кәсіптің болашағына сенімді.
Сұраныс өте жоғары. Шеберлігін дамытқан адам ешқашан жұмыссыз қалмайды. Бұл жақсы табыс көзі де бола алады. Жақсы жұмыс істеген кәсіпкер айына 1-2 миллион теңге көлемінде табыс табуы мүмкін, – дейді кәсіпкер.
Жалпақталдағы ерекше дәстүр
Соңғы жылдары Жалпақтал ауылы түрлі ерекше нысандарымен танылып келеді. Мұның артында ауыл түлектерінің бастамасы жатыр.
Шебердің айтуынша, туған жерге тарту жасау мұнда бұрыннан қалыптасқан дәстүр.
Жалпақталда бұл үрдіс бүгін басталған жоқ. Мен бұрын балалар ойын алаңдарын, футбол алаңдарын жасауға қатыстым. Кейін ерекше нысандар пайда бола бастады. 2024 жылы түлектер Алтын домбыра орнатты. 2025 жылы Алтын кітап жасалды. Ал биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер 30 метрлік «Ынтымақ» мұнарасын сыйға тартты, – дейді ол.
Темір шеберінің сөзінше, бастама көбіне тапсырыс берушілерден келеді.
Бізге идеяны ұсынады. Біз соны техникалық жағынан жүзеге асырамыз, – дейді ол.
Бір жылға жуық жасалған Эйфель мұнарасы
Соңғы уақытта ең көп талқыланған жоба – Жалпақталдағы Эйфель мұнарасының көшірмесі болды.
Шебердің айтуынша, алып нысанды жасауға тоғыз айға жуық уақыт кеткен.
Үш дәнекерлеуші болып жұмыс істедік. Бір жылға жуық уақыт жұмсадық. Ең қиыны – тасымалдау болды. Бөлшектері өте үлкен болғандықтан, оны жеткізу мен құрастыру оңайға түскен жоқ, – дейді ол.
Әлеуметтік желіде нысанның қауіпсіздігіне қатысты да түрлі пікірлер айтылды. Бірақ шебер олардың негізсіз екенін алға тартады.
Қауіпсіздік талаптарынан өтпеді деген әңгімелер шындыққа жанаспайды. Барлық құжат заңға сәйкес рәсімделген, – дейді Сайранбек Қажиақпаров.
Оның пікірінше, мұндай нысандар тек фотозона ғана емес, қоғамдық кеңістік ретінде де қызмет ете алады.
Ашылу кезінде мұның куәсі болдық. Концерт өтті, өнерпаздар келді. Болашақта түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруға, ашық аспан астындағы кинотеатр жасауға мүмкіндік бар, – дейді шебер.
@sairanbekkahziakp #жалпактал #эйфелевабашня #франция #eiffel #eiffeltower ♬ оригинальный звук - zeroo_0011
Raim-ның тапсырысын орындаған
Сайранбек Қажиақпаровтың тұтынушылары арасында танымал адамдар да болған.
Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын әнші Raim-ның Орал қаласындағы үйіне темір қоршаулар орнатуға тапсырыс алған.
Raim-ның үйінде жұмыс істегеніміз есімде қалып қойды. Өйткені танымал адамның тапсырысын күнде орындай бермейсің. Дегенмен біз үшін кімнің тапсырыс беретіні емес, жұмыстың сапалы шығуы маңызды, – дейді Сайранбек Қажиақпаров.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы шоколад фабрикасы туралы фильм жарыққа шығатыны жайлы жазған едік.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін