13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӘнші Өмірқұл Айниязов жылдар бойы көпбалалы әке болуды армандағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ұлын үйлендірген әнші тағы да әке атанады. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші тағы бір ұлды болмақ.
Жалғыз баламен 20 жыл жүрдім. Сосын мен бұл тағдырға көндіккен едім. Екінші әйел алу, ажырасып, басқа әйел алу деген сияқты түрлі ойдың бәрі келіп-кетіп, депрессия болдым. Сосын осы бір бала берген Аллаға шүкір деп тағдырға көндіктім. Сөйтсем, Алланың берері әлі бар екен. Өздеріңіз білесіздер. Бұл мүлдем өмірімдегі ерекше құбылыс болды. Сондықтан өмір бойы Нұртуғанмен тұрып, Нұртуғанмен бала бағып, ата-әже боламын деп ойлағанмын. Біз асыққанмен Алла асықпайды екен, - дейді әнші.
Өнер иесі тамыз айында ұлын үйлендіріп, дүбірлі той өткізді. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келген Айниязов салтанатты іс-шараның қызықтарын еске алып, құдаларына қанша қалыңмал бергенін айтты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды