6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың (14-8) келесі қарсыласы америкалық Джошуа Ван (7-1) болады. Олар 25 маусымда АҚШ-тың Джексонвилл қаласында өтетін UFC on ABC 5 турнирінде кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sports.kz-ке мәліметінше, «Қорықпайтын» деген лақап атпен өнер көрсететін 21 жастағы америкалық файтер кәсіпқой ММА-да 2021 жылдың қазанынан өнер көрсетеді. Содан бері ол сегіз айқас өткізіп, жетеуінде жеңіске жеткен, біреуінде жеңілген. Бір қызығы, Ван жекпе-жегінің бәрін Fury FC промоушнында өткізіп, ең жеңіл салмақта лига чемпионы атанды.
Джошуа Ван қатысқан кәсіпқой жекпе-жектің бәрі мерзімінен бұрын аяқталған, тіпті үшінші раундқа да жетпеген. Америкалық файтер бес айқасын нокаутпен, екеуін сабмишнмен аяқтаған. Ван кейінгі бес жекпе-жегінде жеңілмей келеді. Кейінгі айқасын желтоқсанда өткізді: өзінің отандасы Кливленд Маклин (17-10) екінші раундта сабмишн жасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі