6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылы ішкі істер органдары әртүрлі нысандарда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, «жалған терроризм» фактілері үшін 48 күдікті ұсталды, олардың 15-і кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 13 адам, оның ішінде бір жасөспірім тартылды.
Жалған хабарламаларды жіберуші қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген жағдайда, оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы мұндай шаралар 6 ересек адамға қолданылды. Сонымен қатар сот шешімімен жалған шақырту салдарынан объектінің иесіне немесе мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы қылмыскерге талап-арыз қойылады. Залал мөлшері екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі