Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққан азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл мәселе Мәжілістің жалпы отырысында көтерілді.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 386-бабы тек мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасау мен сатуға қатысты жауапкершілікті қарастырады. Ал жалған нөмірді пайдалану фактілері әкімшілік құқық бұзушылық ретінде ғана бағаланады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабына сәйкес, жалған нөмір қолданған тұлға 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Қайталанған жағдайда 20 АЕК айыппұл салынады немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген. Бірақ мұндай құқық бұзушылықтардың салдарынан адам өліміне әкелген жағдайлар да тіркеліп жатыр, – деді депутат.
Бақытжан Базарбектің сөзінше, жалған мемлекеттік нөмір қолдану соңғы уақытта жаппай сипат алып, әсіресе жол-көлік оқиғаларында жиі анықталып отыр. Ол мұндай әрекеттердің кесірінен қарапайым азаматтар зардап шегіп, мемлекет бюджеті де шығынға ұшырап жатқанын айтты.
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәселенің өзекті екенін жасырмады. Оның айтуынша, жалған нөмірлер көбіне пайдакүнемдік мақсаттағы құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғалары кезінде қолданылады. Вице-министр ұсыныс қылмыстық заңнаманы қайта қарау аясында жан-жақты пысықталатынын жеткізді. Ведомство ұсынысты қылмыстық заңнаманы қайта қарау аясында пысықтайтын болады.
Мемлекеттік нөмірі көрінбейтін көлік жүргізушілеріне қанша айыппұл салынады
Нөмірді әдейі жасыру үшін пленка секілді заттарды қолданғандар, жалған нөмір орнатқандар да жауапқа тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабында мынандай жауапкершілік қарастырылған: