6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерMeta компаниясының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша реттеу мәселелері жөніндегі директоры Сенура Абервайдена II Орталық Азия медиафорумында медиа саласындағы фактчекинг мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемде 3 миллиард адам біздің компаниямыздың қосымшаларын қолданады. Барлығымыз фактчекинг мәселесіне тап болып жатамыз. Сол үшін 2016 жылы фактчекинг бағдарламасын іске қостық. Оны әлемдегі барлық басқа бағдарламалар секілді даму процесін қадағалаудамыз. Осылайша жалған ақпаратпен күрес бойынша шара қабылдадық. Факттердің тексерілуінен Америка құрама штаттары бас тартты. Бірақ басқа мемлекеттерде бұл бағдарлама жұмыс істейді, - дейді директор.
Айта кетейік, Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр. Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі