23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Елорда тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
TikTok әлеуметтік желісінде Астана тұрғыны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылындағы жағдайды баяндайтын видео жариялады. Әйел ауыл тұрғындарының 3 жылдан бері алтын өндіретін фабриканың заңсыз құрылысымен күресіп, кен өндіру кезінде улы зат қолданып, жарылыс жасайтынын айтады.
Видеорепортаж барысында арна авторы жазылушыларынан басылымды таратуды сұраған. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, нәтижесінде оның таратқан ақпараттың дұрыс еместігі белгілі болған.
Жалған ақпаратты орналастыру және тарату фактісі бойынша 45 жастағы елорда тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік