Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева блогерлерге қатысты «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңның орындалу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрлік заңсыз контентті анықтау бойынша үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Соның ішінде есірткі заттарын тарату, порнография, экстремистік сипаттағы материалдар және тағы басқа мәселелер бар. Жаңа заңнан кейін бұл тізім кеңейіп отыр. Мониторинг бұрынғыдай жалғаса береді. Заң жобасы бүгінде ақпарат тарататын блогерлердің жауапкершілігін қарастырады. Әр адам сөзіне және ісіне жауапты болуы керек. Заң бар, жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік көрсетілген, - деді министр.
Жалған ақпарат таратқандарға қандай шара қолданылады?
- Жеке тұлғаларға - 20 АЕК (69 000 теңге);
- Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлерге – 30 АЕК (103 500 теңге);
- Шағын кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдарға - 40 АЕК (138 000 теңге);
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК (276 000 теңге);
- Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (345 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды