23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСолтүстік Қазақстан облысында анасы қызын үй тапсырмасын орындамағаны үшін пышақтап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады
Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр. Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауында, - дейді Зәкиева.
Бұл іске қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді.
Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетілуде. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетілетін болады. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады