Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті. Халық қаһарманының денсаулығы сыр бергені туралы Мұхтар Шаханов атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.
Нұржігіт Ысқақ ресми үндеуінде отандастарын 84 жастағы классиктің сауығып кетуі үшін дұға етуге шақырып, оның Қазақстан ғана емес, күллі түркі әлемі тарихы мен мәдениетіндегі айрықша рөлін атап өтті.
Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Бүкіл түркі әлемін мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткеннің өзі не тұрады! Ол кісінің елге сіңірген еңбегі өлшеусіз, – деді Нұржігіт Ысқақ.
Қор төрағасының айтуынша, қазір бәрі дәрігерлердің бақылауында, олар қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр.
Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық, көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасайық , – деп қосты ол.
Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиеті мен руханиятында айрықша орны бар тұлға. Оның шығармашылығы мен азаматтық ұстанымы ұлт жаңғыруындағы рухани күрестің символына айналды. Оның ауруханаға түскені туралы хабар әлеуметтік желілерде кең тарап, қазақстандықтар ақынның жағдайына алаңдап жатыр.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай