6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанның ерлер құрамасының өкілдері Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Филиппиннің Санта-Роса қаласында жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатында 1/4 финалға шығу үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық жұп топтық кезеңнен сәтті өтті. Отандастарымыз Жапонияға есе жібергенімен, Таиланд пен Австралия командаларынан басым түсті.
Бұл жеңіс Богату мен Яковлевке Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді. 1/8 финалда қазақстандықтар Индонезиядан келген жұппен кездеседі.
Сондай-ақ плей-оффқа әйелдер жұбы Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко да шықты. Оларға 1/8 финалға шығу үшін Таиланд командасына қарсы кездесуде жеңіске жету қажет.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі