Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіФутбол федерациясының мәліметінше, Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өткен турнирде Қазақстан құрамасы В дивизионында Румыния, Норвегия және Мальта командаларымен кездескен. Үш ойынның үшеуінде де қарсыластарынан басым түскен ұлттық құрама Элиталық дивизионға өтуге мүмкіндік беретін промо-финалға жолдама алып отыр.
Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта құрама сапынан Деринг, Маликов және Кайзер мергендігімен көзге түсті.
Екінші турда Қазақстан Норвегияға қарсы алаңға шығып, тартысты өткен ойында 6:4 есебімен басым түсті. Біздің құрама сапынан Кайзер дубль авторы атанса, Деринг, Құрбанов, Шевчук және Мыңбаев бір-бір голдан соқты.
Топтық кезеңнің шешуші үшінші матчында Қазақстан құрамасы Мальта құрамасымен кездесіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл нәтижеден кейін Қазақстан 9 ұпаймен топта бірінші орын алып, Элиталық дивизионға жолдама беретін финалдық кезеңге жолдама алды.
Қыркүйек айында өтетін промо-финал кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары кейінірек белгілі болады.
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Barqy»);
Қорғаушылар: Игорь Демешко, Михаил Кайзер (екеуі де – «Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»);
Шабуылшылар: Айдын Маликов («Малайсары»), Артур Деринг, Нұрлан Жүнәсов (екеуі де – TK B&A), Арман Шотанов («Barqy»), Владислав Шевчук, Алан Мыңбаев (екеуі де – «Арман»).
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады