Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖеліде Бурак Озчивиттің Алматыда жанкүйерлерімен кездескен сәтінен видео тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Бейнежазбада актерді орнынан тұрғызып, еркінен тыс суретке түсуге мәжбүрлеп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталмыш видео Instagram желісінде жарияланған. Бейнежазбаны жүктеген желі қолданушысы орын алған ыңғайсыз жағдайдан жаға ұстағанын жасырмады.
Адамдар оған бас салғаны сонша, оларды қорғаушылар да тоқтата алмады, - деген жазба қалдыржы ол.
Желіде тарап кеткен видеода түрік сериалдарының жұлдызын жанкүйерлері қоршап алып, онымен суретке түсуге талпынып жатқанын көруге болады. Жанкүйерлердің бірін әртістің қорғаушысы ұстап алады. Ал басқа бейнежазбада бір арудың актердің қасына барып алып, суретке түсу үшін оны орнынан тұрғызып жатқаны көрініс тапты.
Мобилографты итеріп жіберіп, оған суретке түсірсін деп өз ұялы телефонын берді. Өте ұят жағдай, - деді желі қолданушысы.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді